Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 364 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 9527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 14.11.2023 № 105 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352 шешіміне (2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      14, 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Маркевич
      Қамысты аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы А. Куламбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады