Әкімдіктің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 9618 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 11 ақпандағы № 19 қаулысына (2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8974 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2020 жылғы 11 ақпандағы
№ 19 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Қамысты ауданы Қамысты ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Айналайын" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

45729

3 жасқа дейін -8672
3 жастан бастап-10807

2

Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

45

39980

3 жасқа дейін -6100
3 жастан бастап-6700

3

Қамысты ауданы Алтынсарин ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

108

39475

3 жасқа дейін -7480
3 жастан бастап-8511


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады