"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 8951 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,0031 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі С. Магзумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады