Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы Қарасу ауылы әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 шешіміне (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде "Қарасу ауылының" сөз тіркесі "Қарасу ауылдық округінің" сөз тіркесімен ауыстырылсын;
1-тармақта "Қарасу ауылының" сөз тіркесі "Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылының" сөз тіркесімен ауыстырылсын;
2-тармақта "Қарасу ауылы әкімінің аппараты" сөз тіркесі "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" сөз тіркесімен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | С. Магзумов |