Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 500 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 9048 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 545 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 17.07.2020 № 545 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 шешіміне (2016 жылғы 20 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:

      Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларының 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Павловский
      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова

  Қостанай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 500 шешіміне
1-қосымша


  Жиналыстар,
митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізуді қосымша реттеу
туралы қағидаларына
1-қосымша

Жиналыстар мен митингілерді өткізу орындары

Елді мекеннің атауы

Жиналыстар мен митингілерді өткізу орындары

1

Тобыл қаласы

Заречная көшесі бойындағы алаң

2

Тобыл қаласы

Строительная және Механизаторов көшелерінің қиылысындағы алаң

  Қостанай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 500 шешіміне
2-қосымша


  Жиналыстар,
митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізуді қосымша реттеу
туралы қағидаларына
2-қосымша

Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары

Елді мекеннің атауы

Шерулер мен демонстрацияларды өткiзу маршруттары

1

Тобыл қаласы

Механизаторов көшесі - Заречная көшесі (Целинная көшесінің басынан бастап Механизаторов көшесі бойымен Заречная көшесіне өту)

2

Тобыл қаласы

Строительная көшесі - Механизаторов көшесі (Калабаева көшесі мен Водник шағын ауданының қиылысынан бастап Строительная және Механизаторов көшелерінің қиылысына дейін)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады