Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 545 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 9335 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Ахметов
      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова

  Қостанай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 17 шілдедегі
№ 545 шешіміне
қосымша

Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 шешімі (2016 жылғы 20 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 шешімі (2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7486 болып тіркелген).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 12 наурыздағы № 500 шешімі (2020 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9048 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады