"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 247 қаулысы (2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7834 болып тіркелген);
2) Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 247 "Қостанай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 14 тамыздағы № 573 қаулысы (2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8623 болып тіркелген).
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |