Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 179 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қазандағы № 568 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қазанда № 9485 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 179 шешіміне (2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      қазақ тіліндегі 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "6. Бөлек жиынды ашудың алдында Заречный ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Фищук
      Қостанай аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Б. Бурашев

  Қостанай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 2 қазандағы
№ 568 шешіміне
қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 179 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Заречное ауылының тұрғындары үшін

126

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Новоселовка ауылының тұрғындары үшін

5

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Абай ауылының тұрғындары үшін

6

4

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Осиновка ауылының тұрғындары үшін

5

5

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Рыспай ауылының тұрғындары үшін

6

6

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Талапкер ауылының тұрғындары үшін

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады