Әкімнің міндетін атқарушының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 1 "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 шілдеде № 9344 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меңдіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушының "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 13 наурыздағы № 1 шешімінің (2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9022 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Н. Катарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады