Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 8891 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің 27.04.2020 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 30 қазандағы № 01-27/145 ұсынысы негізінде Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі Байғожа ауылының аумағында орналасқан "Капешев Жомарт Жумаканович" шаруа қожалығына тиесілі жеке ауланың аумағында ірі қара малдың құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Меңдіқара аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Меңдіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақоға ауылдық округінің әкімі Т. Дюсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады