"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекторының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық 2020 жылғы 11 наурыздағы № 01-27/43 ұсынысы негізінде Қарақоға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі Байғожа ауылының аумағында орналасқан "Капешев Жомарт Жумаканович" шаруа қожалығына тиесілі жеке ауланың аумағында ірі қара малдың құтырық ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімінің (2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақоға ауылдық округінің әкімі | Т. Дюсенов |