2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 71 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 9298 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі Т. Карбозов

  Әкімдіктің
  2020 жылғы 29 маусымдағы
  № 71 қаулысына
  қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Қарамеңді ауылы

"Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

115

36304

3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000

2

Дәмді ауылы

"Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

37742

3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 5000

3

Буревестник ауылы

"Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Нұрбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

45

32945

3 жасқа дейін – 5884,
3 жастан бастап - 7561

4

Өлеңді ауылы

"Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

32949

3 жасқа дейін – 4000,
3 жастан бастап - 5000

5

Шилі ауылы

"Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

40405

3 жастан бастап - 4000

6

Қарамеңді ауылы

"Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

55

57982

3 жасқа дейін – 7000,
3 жастан бастап - 8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады