2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 9014 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Сарыкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Балгарин

  Әкімдіктің
2020 жылғы "04" наурыздағы
№ 61 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Сарыкөл кенті

"Arman" жеке мекемесі

165

31 460,83

үш жасқа дейін – 6 000
үш жастан бастап – 7 000

2

Сарыкөл кенті

"Жастық" жеке мекемесі

175

31 460,83

үш жасқа дейін – 6 000
үш жастан бастап – 7 000

3

Маяк ауылы

Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Бөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

13

61 153,84

үш жасқа дейін – 5 000
үш жастан бастап – 6 000

4

Комсомол ауылы

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Лика" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

47

49 748,22

үш жасқа дейін – 5 000
үш жастан бастап – 6 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады