Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 341 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 мамырда № 9179 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкөл аудандық мәслихатының "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 шешіміне (2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Б. Шокаева
      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

  Мәслихаттың
2020 жылғы 6 мамырдағы
№ 341 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 153 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочинка ауылының тұрғындары үшін

5

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылының тұрғындары үшін

8

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Мелитополь ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Островное ауылының тұрғындары үшін

5

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Караоба ауылының тұрғындары үшін

7

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Новое ауылының тұрғындары үшін

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады