Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 224 "Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 361 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 8997 болып тіркелді

      Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 шілдедегі № 224 (2014 жылғы 11 қыркүйекте "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5032 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Тугельбаев
      Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады