Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 224 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 5032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 361 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 27.02.2020 № 361 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қырықыншы, кезекті

сессиясының төрайымы

Аудандық мәслихаттың хатшысы

КЕЛІСІЛДІ

Қостанай облысы Таран ауданы

Юбилейный ауылы әкімінің

міндетін атқарушысы

_________________ А. Лаухнер




А. Даданова

С. Жолдыбаев




  Мәслихаттың
  2014 жылғы 22 шілдедегі
  № 224 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейное ауылының
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Юбилейный ауылы

30



   
   

Мәслихаттың

2014 жылғы 22 шілдедегі

№ 224 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ереже

      1. Осы Қостанай облысы Таран ауданы Юбилейный ауылының (бұдан әрі – ауыл) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      1. Ауылдың аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      1. Бөлек жиынды ауылдың әкімі шақырады.

      Таран ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Таран аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі.

      Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауыл әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады