2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 141 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 9290 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Испергенов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 141 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Тобыл кенті

Тобыл кенті әкімі аппаратының "Балдәурен" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

43080

3 жастан бастап - 9600

2

Береговое ауылы

Калинин ауылдық округі әкімі аппаратының "Балбөбек" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

50698

3 жастан бастап - 7000

3

Майское ауылы

"Майский ауылдық округі әкімі аппаратының "Майский балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

90

37621

3 жасқа дейін - 7600
3 жастан бастап - 8000

4

Әйет ауылы

Әйет ауылдық округінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

136

45811

3 жасқа дейін - 8800
3 жастан бастап - 9900

5

Тобыл кенті

"Зира" жауапкершілік шектеулі серіктестігі

50

33509

3 жастан бастап - 10000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады