"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп- қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Федоров ауданы әкімдігінің "2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 228 қаулысының (2019 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8668 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |
Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 81 қаулысына қосымша |
2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Жылдар | 1-қаша | 2-қаша | 3-қаша | 4-қаша |
2020 | көктемгі-жазғы мезгіл 1 | жазғы мезгіл 2 | күзгі мезгіл 3 | демалатын қаша |
2021 | демалатын қаша | көктемгі-жазғы мезгіл 1 | жазғы мезгіл 2 | күзгі мезгіл 3 |
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - жылына қашаны пайдалану кезегі.