Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2020 жылға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Батановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
2020 жылғы "16" наурыз |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55/2 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім
сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2020 жылға арналған субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.12.2020 № 266/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге | Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана) | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 4 208 | 42 080 |
2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 695 | 10 425 | |
3 | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 350 | 52 500 |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
4 | Отандық | сатып алынған бас | 150 000 | 1 600 | 240 000 |
5 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 300 000 | 140 | 42 000 | |
6 | Шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу | 150 000 | 940 | 141 000 | |
7 | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 200 | 788 705 | 157 741 |
Барлық сомасы | 685 746 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
8 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 20 | 4 000 |
9 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 1 303 | 521 200 | |
Сүт өндіру құнын арзандату: | |||||
10 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 20 006 410 | 900 288,45 |
11 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 30 | 2 292 877 | 68 786,31 | |
12 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 1 314 300 | 26 286 | |
13 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 5 397 000 | 107 940 | |
14 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 1 090 | 5 450 |
Барлық сомасы | 1 633 950,76 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
Құс етін өндіру құнын арзандату | |||||
15 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 446 613,36 | 72 330,668 |
Барлық сомасы | 72 330,668 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
16 | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 494 456 | 29 667,36 |
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату: | |||||
17 | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1,2 | 78 818 002,5 | 94 581,603 |
18 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | 1,1 | 37 974 660 | 41 772,126 | |
Барлық сомасы | 166 021,089 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||||
19 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 4 051 | 16 204 |
20 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 26 267 | 65 667,5 | |
21 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 844 | 12 660 |
Барлық сомасы | 94 531,5 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
22 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 27 | 2 700 |
Барлық сомасы | 2 700 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
23 |
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату* | бас | 120 000 | 3 076 | 369 120 |
24 | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 35 000 | 2 100 |
Барлық сомасы | 371 220 | ||||
Барлығы | 3 026 500,017 |
Ескертпе:
* бюджет қаражаты жетіспеген жағдайында субсидия нормативі 50 %-ға дейін азайтылу жағына қарай түзетілуі мүмкін;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары.