Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің діни қызмет саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымы № 121/3 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің діни қызмет саласындағы
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 143/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4559 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 143/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 165/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5147 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 143/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 366/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5716 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 143/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 322/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6082 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).