Павлодар облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 290/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 7130 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 290/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 157/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4578 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 222/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4699 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 222/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 82/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5032 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 116/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5101 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 157/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 117/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 157/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 280/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5250 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы № 222/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 106/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5519 тіркелген, 2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы № 222/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 416/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 157/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 49/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5881 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 116/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 91/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6296 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы № 157/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 238/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6496 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады