Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл және Долгое ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 17-1-03/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 6732 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл және Долгое ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының корытындысы негізінде, Кенжекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл ауылында келесі көшелері:

      "Дорожная" көшесін – "Баян батыр" көшесі;

      "Кирпичная" көшесін – "Келісім" көшесі;

      "Парковая" көшесін – "Малайсары тархан" көшесі;

      "Пригородная" көшесін – "Сұлтанбет сұлтан" көшесі;

      "С. Токин" көшесін – "Лашын" көшесі;

      "Южная" көшесін – "Қапар Смағұлов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Долгое ауылында келесі көшелері:

      "Северная" көшесін – "Қимақ" көшесі;

      "Центральная" көшесін – "Қазанғап би" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кенжекөл ауылдық округінің әкімі С. Шуакбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады