Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 394/57 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 6734 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 446/65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 24.09.2020 № 446/65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 14/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Ақсу қаласының аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттер өткізетін орын болып Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешені алдындағы алаң белгіленсін.";

      көрсетілген шешімнің 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Ақсу қаласының аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін Абай көшесі бойымен Абай-Калинин көшелері қиылысынан Абай-Иртышская көшелері қиылысына дейінгі бағыт белгіленсін.";

      шешімнің орыс тілі нұсқасының 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы З. Хайргельдин
      Ақсу қалалық
      мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады