Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 446/65 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 6975 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының сессия төрағасы М. Мукашев
      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 қыркүйегі
№ 446/65 шешіміне
қосымша

Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 14/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 394/57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6734 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 96/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады