Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Сарышығанақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Сарышығанақ ауылындағы келесі көшелері:
"Восточная" көшесі "Қанай" көшесі болып;
"Луговая" көшесі "Тасқын" көшесі болып;
"Переулок-1" көшесі "Айбат" көшесі болып;
"Переулок-2" көшесі "Береке" көшесі болып;
"Строительная" көшесі "Тастенбек Қожаұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Ж. Әбікен |