Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 112/15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5466 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы | Т. Шмидт |
Екібастұз қалалық маслихатының хатшысы | Б. Куспеков |