2021 жылға арналған Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 837/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 7078 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 837/10 қаулысына
қосымша

2021 жылға арналған Екібастұз қаласының ұйымдарында
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"ЗАВОД МВИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

1

1

2

"Промэнергоизоляция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

1

1

3

"Горэлектросеть" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

248

1

2

4

"Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

315

1

3

5

"KBI Energy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

986

1

10

6

"Экибастузэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

114

1

1

7

"ЭВЕРЕСТ-АUTO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

134

1

1

8

"ЖОЛАМАН-ЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады