Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі Мыңтомар ауылы "Ербол" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 7066 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің 11.02.2021 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 қазандағы № 2-04/119 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Мыңтомар ауылының "Ербол" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты, карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Екібастұз ауылдық округінің әкімі Ж. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады