Шектеу іс-шараларын тоқтату және Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы "Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Талан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-05/6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1-05/25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қазанда № 6995 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 2-04/89 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылында орналасқан "Талан" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы "Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының "Талан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-05/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6726 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Ж. Жанымхан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Екібастұз
      қалалық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Жакенов
      2020 жылғы 16 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар мен
      көрсетілетін қызметтердің сапасы
      мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Екібастұз қалалық
      тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы Б. Тогаева
      2020 жылғы 16 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Екібастұз қаласы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Уразалимов
      2020 жылғы 16 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады