Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазаңдағы № 325/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 6979 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер учаскелерiн алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К. Г. Қызыровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі К. Каримов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 12 қазаны
№ 325/10 қаулысына
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Павлодар Электржелілік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамы

0,0441

10 киловольт - әуе электр беріліс желілердің объектілерін жүргізу мен пайдалану үшін

25

Баянауыл ауданы, Күркелі ауылдық округі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады