Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 1-03/08 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 6969 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 1-03/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушының 07.12.2020 № 1-03/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-19/213 ұсынысы негізінде, Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады