Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан "Мажит" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 1-17/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 6831 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 1-17/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 18.08.2020 № 1-17/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 2-19/93 ұсынысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан "Мажит" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі А. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады