Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 17 шілдедегі "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Қошқар учаскесінде орналасқан "Адамбай" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 1-21-06 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7009 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қазандағы № 2-19/231 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Қошқар учаскесінде орналасқан "Адамбай" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 17 шілдедегі "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің Қошқар учаскесінде орналасқан "Адамбай" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6863 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылтау ауылдық округінің әкімі Ж. Мажитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады