Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 323/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада № 7021 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйырығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданының әкімі К. Кашкиров

  Железин ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қарашасы
№ 323/5 қаулысына
қосымша

Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы

Р/с№

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

145

2

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады