Тереңкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 1/54 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 6749 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 3/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 07.08.2020 № 3/59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" № 1/55 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5033 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Г. Аменова
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 10 наурызы
№ 1/54 шешімімен
бекітілген

Тереңкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің
қосымша тәртібі

      1. Тереңкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің баламалы жерін ұсынады.

      8. Егер, Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса немесе тыйым салу туралы шешім шығарылса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғаның міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Тереңкөл ауданының аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар:

      1) Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесіндегі аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң;

      2) Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі бойындағы жағажай.

      10. Тереңкөл ауданының аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу бағыттары:

      1) Тереңкөл ауылы, аудандық Мәдениет үйінің алаңынан Тәуелсіздік көшесі, Панфилов тұйық көшесі, Елгин көшесінің бойымен жағажайға дейін;

      2) Тереңкөл ауылы, Жеңіс паркінен Тәуелсіздік көшесінің бойымен № 2 жалпы білім беретін орта мектебіне дейін.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      13. Шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың тыйым салынатын іс-шаралар:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады;

      7) алкогольдік және есерткілік масаңдық күйде қатысуына.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольді ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға; транспаранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға; құрамында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынады.

      15. Пикеттер белгіленген кезендерде және өтініште көрсетілген нақты орнында міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

      16. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикеттірілген объектіде тұру немесе отыру;

      2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбына байланысты қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Тереңкөл ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 (елу) метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.

      19. Қорғаныс қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен) денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.

      20. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Тереңкөл ауданы әкімі аппараты өкілінің талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.

      21. Тереңкөл ауданы әкімі аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша полиция органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажетті шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиiс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады