Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Тереңкөл ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы "Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы" № 3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6241 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауданының әкімі | Е. Айткенов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер | |
Министрлігі Павлодар облысы | |
Полиция департаментінің Тереңкөл | |
ауданының Полиция бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | А. Кәрімов |
2020 жылғы "7" тамыз |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамызы № 201/1 қаулысына |
|
қосымша |
Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
1) Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
2) Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хаты;
3) ақшалай сыйақы;
4) құнды сыйлық.
2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды;
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Тереңкөл ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тереңкөл ауданының ПБ) енгізеді;
3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
4) Тереңкөл ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықты беру Тереңкөл ауданының ПБ жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы он еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.