Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі "Качир ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 192/6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамызда "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы "Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі "Качир ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 264/9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4799 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауданының әкімі | Е. Айткенов |