Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Аққулы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 199/39 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 276/56 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 тамызда № 6902 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Аққулы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 199/39 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6300 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Жиеналин
      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады