Шектеу іс-шараларын тоқтату және Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы "Аққулы ауданының Аққулы ауылдық округінде орналасқан "Жумабек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 1-04/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 тамызда № 6886 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 1-28/57 ұсынысы негізінде, Аққулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінде орналасқан "Жумабек" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы "Аққулы ауданының Аққулы ауылдық округінде орналасқан "Жумабек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-04/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6714 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауылдық округінің әкімі А. Желдыбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы
      қәсіпкерлік және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жолмагамбетов
      2020 жылғы "30" шілде
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Аққулы аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Сагалов
      2020 жылғы "30" шілде
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
      комитеті Павлодар облысының тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
      департаментінің Аққулы
      ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Сламбеков
      2020 жылғы "30" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады