2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 291/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 7041 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі М. Актаев

  Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қарашасы
№ 291/1 қаулысына
1-қосымша

2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Май ауданының әкімдігі Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Май-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

2

1

  Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қарашадағы
№ 291/1 қаулысына
2-қосымша

2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Май ауданының әкімдігі Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Май-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

2

1

2

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

202

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады