Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы "Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 1-ш шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 396 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Сайлау учаскесінің орталығы: Ефремовка ауылы, Школьная көшесі, 2, Ефремовка орта жалпы білім беру мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка, Даниловка ауылдарының аумағы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Ж. Шугаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар аудандық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | С. Акимбеков |
2020 жылғы "28" қыркүйек |