Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 08.10.2020 № 1-21-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 2-36/598 ұсынысы негізінде, Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округінде орналасқан "НурТомирис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Павлодар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеңес ауылдық округінің әкімі | А. Бердыханов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Павлодар аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ж. Құрманғазин |
2020 жылғы "20" қаңтар | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрлігінің | |
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің | |
сапасы мен қауіпсіздігін | |
бақылау комитеті Павлодар облысының | |
тауарлар мен көрсетілетін | |
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін | |
бақылау департаментінің | |
Павлодар аудандық тауарлар мен | |
көрсетілетін қызметтердің | |
сапасы мен қауіпсіздігін | |
бақылау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | С. Сұлтанғалиев |
2020 жылғы "20" қаңтар | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Павлодар ауданының | |
ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік | |
және ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | Х. Оразбеков |
2020 жылғы "20" қаңтар |