Шектеу іс-шараларын тоқтату және Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 6864 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 2-19/245 ұсынысы негізінде, Ольгин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің Тимирязев ауылында орналасқан "Казкеев" фермер қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Успен ауданы Ольгин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6712 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ольгин ауылдық округінің әкімі А. Жуматанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
      Успен аудандық аймақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы С. Сарсимбинов
      2020 жылғы "15" шілде
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Успен ауданының кәсіпкерлік,
      ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Айтмакушев
      2020 жылғы "15" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады