Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы "Павлодар облысы Шарбақты ауданының елді мекендерінде жер телімдері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" № 219/61 шешімінің күші жойылды деп танылсын

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 229/69 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 6724 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 маусымдағы "Павлодар облысы Шарбақты ауданының елді мекендерінде жер телімдері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" № 219/61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4609 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде аудандық "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы В. Лямцев
      Шарбақты аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады