Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIХ сессиясының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 425 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 1606 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.06.2020 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Қасымовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LIX сессиясының төрағасы
М. Грачев
      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
хатшысы
К. Казанбаев

  шешіміне қосымша

Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Осы Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келісілген жерде өткiзiледi.

      3. Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары болып келесі аумақтар белгіленсін:

      1) "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзар;

      2) Махатма Ганди атындағы саябақ.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 3-бабына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш Алматы қаласының әкімдігіне беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады