Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 235 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі - 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден аспайды;
3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастыра отырып, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. "Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары І.Е. Өсеровке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |