Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІІІ сессиясының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 1622 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.

      2. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 425 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1606 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінің № 15 шығаруында және "Вечерний Алматы" газетінің № 15 шығаруында жарияланған) шешiмнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Қасымовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LXIII сессиясының төрағасы
Б. Оспанов
      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы К. Казанбаев

  шешіміне қосымша

Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі,
сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің
іргелес аумақтарының шекаралары

      1. Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шеру және пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Алматы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары:

№ р/с

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Шекті толу нормасы

1.1.

Махатма Ганди атындағы саябақ

Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 120 тұрақ орны (4 кіру, 4 шығу) бар.

200
адамнан астам емес

2.2.

"Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзар

Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.

1 000 адамнан артық емес

3.3.

Амангелді Иманов атындағы саябақ

Аумақта:
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- 20 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу) бар.

500 адамнан артық емес

4.4.

Юрий Гагарин даңғылынан бастап Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Сәбит Мұқанов көшесіне дейін

Аумақта:
- көше бойында жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары бар.

1 000 адамнан артық емес

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясының 28.08.2024 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:

      1) бейбіт жиналыс өткізу орнының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысу;

      2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      4. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның (бұдан әрі – Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      5. Заңның 9-бабы 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 21.02.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об определении специализированных мест, а также порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы

Решение внеочередной LХІІІ сессии маслихата города Алматы VI созыва от 23 июня 2020 года № 462. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 23 июня 2020 года № 1622.

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", маслихат города Алматы VІ-го созыва РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы, порядок использования специализированных мест, а также границы прилегающих территорий объектов, в которых не допускается проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата города Алматы от 17 января 2020 года № 425 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1606, опубликовано 6 февраля 2020 года в газетах "Алматы ақшамы" выпуск за № 15 и "Вечерний Алматы" выпуск за № 15).

      3. Аппарату Маслихата города Алматы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим официальным опубликованием в периодических печатных изданиях и размещением на интернет-ресурсе.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам местного государственного управления и жилищной политики Касымова Е.Б. и заместителя акима города Алматы Бабакумарова Е.Ж.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной LXIII сессии
маслихата города Алматы VI-го созыва
Б. Оспанов
      Секретарь маслихата города Алматы VI-го созыва К. Казанбаев

  Приложение
к решению

Специализированные места для организации и проведения мирных
собраний в городе Алматы, порядок использования специализированных
мест, а также границы прилегающих территорий объектов, в
которых не допускается проведение пикетирования

      Сноска. Приложение с изменениями внесенными решениями маслихата города Алматы от 21.02.2024 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 28.08.2024 № 144 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие специализированные места для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы направлены на обеспечение реализации установленного Конституцией Республики Казахстан права граждан Республики Казахстан собираться мирно, без оружия, проводить собрания, митинги и демонстрации, шествие и пикетирование.

      2. Cпециализированные места и нормы их предельной заполняемости для организации и проведения мирных собраний в городе Алматы:

№ п/п

Специализированное место

Материально-техническое обеспечение

Норма предельной наполняемости

1.1.

Парк имени Махатма Ганди

Имеются:
- искусственное освещение;
- точка для подключения электроэнергии;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
- 120 парковочных мест (4 заезда, 4 выезда).

Не более
200
человек

2.2.

Сквер за кинотеатром
"Сары-Арка"

Имеются:
- искусственное освещение;
- точка для подключения электроэнергии;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
- 20 парковочных мест (1 заезд, 1 выезд).

Не более
1 000 человек

3.3.

Сквер имени Амангельды Иманова

Имеются:
- искусственное освещение;
- точка для подключения электроэнергии;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
- 20 парковочных мест (1 заезд, 1 выезд).

Не более
500 человек

4.4.

от проспекта Юрия Гагарина до улицы Сабита Муканова по улице Жамбыла Жабаева

Имеются:
- вдоль улицы имеется уличное освещение;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации.

Не более
1 000 человек

      3. Представитель акимата города Алматы при положительном рассмотрении уведомления (для проведения мирных собраний в форме пикетирования, собрания, митинга) или заявления (для проведения мирных собраний в форме шествий и демонстраций) совместно с организатором мирного собрания выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка проведения мероприятия по вопросам:

      1) ознакомления с материально-техническим обеспечением места проведения мирных собраний;

      2) для ознакомления с маршрутом шествия и демонстрации.

      4. В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее – Закон).

      5. Определить границами расстояние не менее 400 метров от прилегающих территорий объектов, предусмотренных пунктом 5 статьи 9 Закона.