Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 "Алматы қаласындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1622 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"5. Заңның 9-бабы 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |