Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/401 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 1643 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 3/401
Қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 1 қазандағы № 4/574 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1225 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 1 қазандағы № 4/574 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 22 маусымдағы № 2/227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1389 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1293 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 мауысымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      4. Алматы қаласы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 5 шілдедегі № 3/258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1397 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);

      5. Алматы қаласы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қарашадығы 4/491 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1435 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады