Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 30 мамырдағы "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 06 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 29 маусымда № 1384 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2017 жылғы 06 шілдедегі № 79 (5428) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 06 шілдедегі № 79 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К. Әбілқақоваға жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімі | Б. Торгаев |